Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты деп хабарлады Polisia.kz.

Бүгін сағат 02.45-те полицияға Жамбыл облысындағы «Бурный-Сұрым» өткелінде Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының электрқондырғысында өрт болғаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келіп, өртенген вагонның екі жағын дереу ағытып, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарып үлгерген.

Пойыз бригадасымен бірлесіп, көлік полициясы патруль нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, адам өміріне араша түсті, – делінген хабарламада.

Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша тергеу басталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!