Қызылорда облысында әкесі мен баласы елсіз далада жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 17 қарашада Жалағаш ауданына қарасты Аққыр ауылынан 150 шақырым жерде орналасқан аймақта екі адам жоғалып кеткен. Оның бірі -1981 жылғы азамат болса, екіншісі – оның 9-10 жастағы баласы.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бұл жөнінде хабарлама сағат 12.40-те түскен. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы мамандары жетті. Бұл бағытта іздестіру жұмыстары жүргізіледі», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бүгін Қызылордада мал бағуға шыққан 12 жастағы бала табылды.

Сондай-ақ, Қызылордада жоғалған азамат екі күннен кейін елсіз даладан табылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!