Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында  «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өтуде. Мамырдың алғашқы күндері облыстағы су айдындары, көлдер қоқыстан тазартылды. Бұдан бөлек, айдың алғашқы онкүндігінде тағызым алаңдары мен саябақтарға сенбілік жүргізіледі. Акцияға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері мен еріктілер, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері атсалысуда.

«Акция Арал ауданындағы Райым көлі, Қазалы ауданындағы Көне дария өзегі, Қармақшы ауданындағы Сырдария өзені және Иіркөл көлі, Жалғаш ауданындағы Қаншиелі көлі, Сырдария ауданындағы Қалғандария, Әйтек көлі, Қызылорда қаласындағы Эдельвейс көлі, Жаңақорғандағы Шұқырой көлі, Шиелідегі Тауықкөл және Жамайка көлінде өткіздік. Барлығы 105 адам қатысып, 14 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 3260 кг әртүрлі тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жиналып, арнайы полигонға жөнелтілді», – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова.

Айта кетейік, облыс көлемінде өткізілетін тазалық шаралары мамыр айының соңына дейін жалғаады. Мәселен алдағы 9 мамыр Жеңіс күніне орай қала, аудандардағы тағзым алаңдарында тазалық жұмыстары, ағаш егу жұмыстары жүргізілетін болады.