Қызылорда қаласының 29 жастағы тұрғынының сеніміне кірген белгісіз азамат 21 бас сиырын сатып, ақшасын иесіне қайтармаған.

Сол күні ұқсас қылмыс бойынша 2 бірдей қала тұрғынынан полиция басқармасына арыз түскен.  Екі жәбірленушіні алдап арбау жолымен сенімдеріне кіріп, 30 бас жылқысын алып сатып жіберіп, ақшасын иемденгені анықталды. Келтірілген залал 4 миллион 250 мың теңге.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 30 жастағы алып – сатар саудагер болып шықты. Қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, осы қылмыстарды жасағанын мойындады.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі таңда, алаяқтың басқа да істерге қатыстылығы анықталуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!