Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан­ның үстел теннисі федерациясының бас хат­шысы Данил Пакпен кездесті. Басқосуда облыс орталығында халықаралық стандартқа сай үстел теннисі орталығын салу мәселесі талқыланды.

Өңір басшысы аймақта бұқаралық спортты да­мы­тудың маңызына тоқталып, спорттық нысан­дар мен дене шынықтыру секцияларын көбей­ту керектігін айтты.

Жиын соңында тараптар үстел теннисі орталығы құрылысын жүргізу бойынша пікірлесіп, жұмыс жос­парын нақтылады.

Айта кету керек, спорттық нысан құрылысына қажетті қаражат бюджеттен тыс, демеушілер есебінен жүзеге аспақ. Қазір құрылыс орны Сол жағалаудан нақтыланып, жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.