Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментімен «Болашақ» университетінің арасындағы әріптестік меорандумы аясында қалалық пробация қызметінің бастығы, заң ғылымдарының магистрі Бақыт Наурызбаев университет студенттеріне тәжірибелік сабақ өтті.

Аталған оқу орнының «Заңтану» мамандығының  4-ші курс студенттері Қызылорда қалалық пробация үйінде болып, пробация қызметінің  бастығы әділет подполковнигі Бақыт Наурызбаевпен кездесіп, еркін пікір алмасты.  Оларға пробация қызметі есебіндегі сотталғандардың  жаза өтеу тәртіптері,бас бостандығымен айыруға емес жазаларды орындау тәртібі жөнінде мағұлмат берілді.

 Одан соң пробация қызметі бастығының бастамасымен қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне барып  мекеме құрылымымен танысты. Студенттерге жазаны өтеу тәртібі, қамаудағылардың күн тәртібі, тамақ мөлшері, рұқсат берілген және тыйым салынған заттар жайлы толық баяндалды. Сонымен қатар оларға сотталғандардың  жатын орындары, асхана, мекеме кітапханасы көрсетілді. Студенттер түзеу мекемесінің қызметкерлеріне, көптеген сауалдар қойып, оларға  мазмұнды жауаптар алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!