15 қараша – ұлттық валюта күні. Биыл төл теңгенің айналымға енгеніне 28 толып отыр. Осыған байланысты Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі ерекше сайыс ұйымдастырды.

«Ұлттық теңге – тәуелсіздік тұмары» атты  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының арасындағы  танымдық сайысқа 6 оқу орны қатысты. Олардың қатарында «Болашақ» университетінің жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педогогикалық жоғары колледжі, «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледжі, көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі және «Orda» жоғары колледжі бар. Қатысушылар білім бәйгесінде түрлі кезеңдерден өтті. Тәуелсіздік алғаннан бергі жеткен жетістіктерімізге тағы бір көз жүгіртіп, тарихта қалған атаулы даталарды еске түсірді, теңгеге қатысты мақал-мәтелдерді айтып, жарысуда алдына жан салмады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының  аға  оқытушысы Мұрат Смаилов, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сектор меңгерушісіАйгүл Көшербаева және «Ұлағат Қызылорда» колледжінің әдіскері Ұлбосын Әлмердинова саралаған сайыстаІ орын«ORDA» жоғары колледжіне бұйырды. ІІ орынды «Болашақ» университетінің жоғары колледжі еншіледі. ІІІ орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педогогикалық жоғары колледжі иеленді. Жеңімпаздар арнайы диплом, Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!