Жең ұшынан жалғасқан кеселдің ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретіні айтпаса да түсінікті. Онымен қазір әлемдік деңгейде күрес жүруде. Елімізде де жемқорлықпен күрес мақсатында бірқатар жоба жүзеге асты. Жастар арасында мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру шаралары қарқынды.
Жақында Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің әскери қызметкері Н.Әбдіракинов жоғары оқу орнын тәмамдап, ұжымда алғаш еңбек жолын бастаған әскери қызметкерлерге «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дәріс өтті. Спикер түйткілді мәселемен күрес мемлекет саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті және онымен күресте ашықтық қағидатын қалыптастыру маңызды екенін жеткізді. Жиында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ой-сананы жетілдіру, құқықтық сананы ілгерілету мәселелері де сөз болды.
Гүлмира Пірімжанова
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!