Карантин режимін бұзу дерегі Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Қарабұлақ округінде орын алды. 

Ауыл тұрғыны таңғы уақытта қызын ұзатамын деп өз үйінің ауласында дастархан жайған. Алайда дүркіретіп қызын ұзатамын деген жергілікті тұрғынның ол ойы жүзеге аспады. Себебі мобильдік топ той өтіп жатқан сәтті дрон арқылы әуеден бақылап, оқиға орнына барды. 

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жергілікті тұрғын «Ұзату тойға» 150 қонақты шақырыпты. Той өтіп жатқан үйге барған арнайы топ қонақтарды тарқатты. Ал той иесіне тиісті шара қолдану үшін арнайы әкімшілік хаттамата толтырылып, СЭС мамандарына жолданды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!