TikТok қолданушыларның жас ерекшелігі алуан түрлі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін бағдарламаны әртүрлі бағытта пайдаланады. Сол себепті белгілі бір жанр мен бағыттарға шектеу жоқ екенін байқауға болады.

TikТok бағдарламасы «ByteDance» компаниясына тиесілі. Жоба алғаш рет 2018 жылы Қытайда қосылып, бүгінде әлемдегі қолданушылар саны бойынша атақты әлеуметтік желілермен бір қатарда тұр. TikТok кеңістігінен ересектерге де, балаларға да арналған видеоларды табуға болады.  

Аталған бағдарламамен бірге мобилиография саласы дамып, телефон шағын студияға айналды. Жасанды интеллект және түрлі эффектілер арқылы видео жасау жеңілдей түсті. Бағдарлама бастапқыда шығармашылық студия ретінде жасалса да, ол жерден бала психикасына әсер ететін видеоларды кездестіруге болады. Сол себепті, бағдарламашылар ата-ана бақылау қызметін іске қосты. Енді бағдарламаны қолдану барысында мына қызметтерді пайдалана аласыз:
1. Бағдарламаны пайдалану уақытын бақылау.
2. Жеке хат алмасудағы шектеу.
3. Орынсыз видеолардан шектеу

Ата-ана бақылауы қызметін іске қосу үшін алдымен олар жеке аккаунт ашып, оны баланың парақшасымен синхрондау керек. Ол үшін:
1.  Баланың смартфонынан TikTok бағдарламасын ашыңыз

  1. «Баптау» бөліміне өтіңіз.
  2. Тізімнен «Отбасылық баптаулар»(Семейные настройки) қызметін тауып алыңыз.
  3. Аккаунтты кім қолданады деген сұраққа «Баланы» белгілеңіз. Экранда QR-код пайда болады.
  4. Енді өзіңіздің смартфоныңызды алып, TikTok бағдарламасына өтіңіз.
  5. 2 және 3 әдістерді қайталаңыз.
  6. Бұл жолы «Ата-ана» бөлімін таңдаңыз. 
  7. Балаңыздың QR-кодын өз телефоныңыз арқылы сканерден өткізіңіз.  

Бағдарламаға 13 жастан асқан жасөспірім ғана тіркеле алады. Ата-ана бақылауы қызметі арқылы балаңыздың қандай видео көргенін және қанша уақыт пайдаланғанын біле аласыз.

massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!