Бүгін Токио Олимпиадасында каратэден Қазақстан спортшылары сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Мөлдір Жаңбырбай В тобына түсті. Ол бірінші кездесуде мысырлық Радва Сайедті 7:2 есебімен ұтты.
Мөлдірдің келесі кездесуі австриялық Беттина Планкке қарсы өтеді.
Еске сала кетсек, өз тобында алғашқы екі орынды иеленген спортшылар жартылай финалға өтеді.
Бұған дейін ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов жартылай финалға өткен болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!