Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Меккеде умра жасады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Президент ерекше құрметке ие болды – ол Қағбаның ішіне кірді. Оның есігі ерекше жағдайларда жоғары меймандарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан көшбасшысына деген құрметінің дәлелі болды», – делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, 23 шілдеде Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды.https://t.me/bort_01/2316?embed=1Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Оның Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқаны айтылды.

Sputnik.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!