Astana Hub IT стартаптар технопаркі үміткерлердің өз аймағының немесе қаласының әлеуметтік мәселесін үздік технологиялық шешіміне «Idea Battle» байқауын жариялайды.
Бұл байқау Қазақстанның барлық аймағындағы стартаптар арасында өтеді. Таңдаудың негізгі талабы – нақты аймақ үшін шешімнің практикалық қолданылуы. Байқау жеңімпаздары 200 мың теңге мен технопарктің білім беру бағдарламаларына қолжетімділік түріндегі сыйлықтарға ие болады.
Байқау онлайн түрде өтеді. Қатысу үшін Instagram желісінде #hub_ideabattle хэштегі, қаланың атауы, аймақ мәселенің сипаттамасы және оның шешімі туралы жазып, фото немесе бейне жазбаны орналастыру қажет. Өтініштер 12 қарашадан 22 қарашаға дейін қабылданады, ал 24 қараша күні Instagram желісіндегі @astana.hub парақшасында тікелей эфирде байқаудың үш жеңімпазын анықтайды.
Еліміздің 15 облысында бір мезгілде басталатын байқау IT-қоғамдастықтың жаңа тұлғаларын анықтауға және жаңа идеяларды қолдауға, шалғай өңірлерге «ақылды» технологиялар әкелуге, сондай-ақ Astana Hub ұсынатын мүмкіндіктер туралы халықтың хабардарлығын арттыруға арналған, – деді технопарктің басқарушы директоры Аркадий Селезнев.
Қазылар алқасы сұранымдарды шешімнің бірегейлігі мен жүзеге асырылуы, бар мәселеге оң әсер етуі тұрғысынан бағалайды.
5q.media/kz/news
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!