Колумбияның солтүстік -батысындағы Сукре муниципалитетінде коронавирусқа қарсы вакцинацияланбаған адамдарға үйлерінен шығуға тыйым салынды.
Осылайша, жергілікті билік коронавирусқа қарсы вакцинация қарқынын жеделдеткісі келеді. Заңды бұзғандарға 260 доллар айыппұл салынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, муниципалитеттегі шектеулер алдағы 8 күнде жұмыс істейді. Бұл кезеңде коронавирусқа қарсы вакцинацияланбаған азаматтарға үйлерінен тек ауруханаға баруға және вакцина алуға рұқсат етіледі. Бүгінгі күні муниципалитеттің 28 мың тұрғынының 10 мыңы ғана вакцина алды.
Адамдар вакцинация алаңдарына әр түрлі себептермен келмейді. Біреу иммундауға діни себептермен қарсы болса, ал біреу дәрі өндірушілерге сенімсіздікпен қарайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!