Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 2021-2022 оқу жылында оқытудың дәстүрлі форматына көшуді жоспарлап отыр. Сол себепті ұжымдық иммунитет қалыптастыру өте маңызды.
Университет вакцина салдыру процесін жылдамдату мақсатында әр түрлі ынталандыру іс-шараларын өткізетіндігін хабарлайды. Вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылады және төмендегідей жеңілдіктер ұсынылады:

  • ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласына 30 студентке жолдама.
  • қызметкерлер мен студенттер үшін «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінің бассейніне 30 тегін абонемент.
  • студенттер үшін жазғы тынығу лагеріне 30 жолдама.
  • қызметкерлер мен студенттер үшін фитнес залға 30 тегін абонемент.
  • 30 студентке бір оқу жылына жатақханаға тұруға 50% жеңілдік.
    Ұтысқа қатысу үшін не істеу керек?
  • 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін екпе салдыру;
  • ұтысқа қатысушылар аты-жөні, ЖСН және екпенің бірінші кезеңін алу күні көрсетілген өтінішті ksu@korkyt.kz электронды мекен-жайға 2021 жылдың 23 шілдесіне дейін жолдау керек.
    Конкурс 30 шілде күні сағат 15.00-де университеттің ресми qorqytata_university инстаграм парақшасында тікелей эфирде өткізіледі
    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тәрбие бөлімі
    Тел:+7/7242/274191; +7 7755151574

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!