Бұл жұмыс берушілерге үміткерді жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың тізімін жариялауды жоспарлап отыр. Тізімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық дерегі көрсетіледі, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 Бұл жұмыс берушілерге үміткерді жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді. Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. 

«Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралуда», – деп жазылған хабарламада. Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша дайындалған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!