Жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Жасұлан Байкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатыныс саласында жасалатын құқықбұзушылыққа қатысты жүргізілген талдау зорлық-зомбылықтың негізгі себебі ретінде әлеуметтік проблемаларды, оның ішінде алкогольдік ішімдікке салынудың теріс салдарын көрсетті», – деді Ж. Байкенов онлайн брифингіде. Оның айтуынша, ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша медициналық мекемелерге сот 3756 адамды бағыттады. Олар алкогольдік ішімдікке салынудың салдарынан психикалық әрі мінез-құлықтың бұзылуына қатысты есепке қойылған. «Сонымен қатар, жыл сайын 1 мыңға жуық осындай адам ата-ана құқығынан айырылады», – деді басқарма басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай , жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам шағым мен хабарлама келіп түсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!