Бұл туралы «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» атты парламенттік тыңдауда Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
Оның айтуынша, биылғы жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі.
Ералы Тоғжанов ұрпақ тәрбиесінде біліммен қатар, еңбекке баулудың маңызы зор екені атап өтті.
Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі. Жоба ретінде мектептер жанында жылыжайлар ашу қолға алынды. Қазірдің өзінде 7 пайызға жуық мектепте бұл тәжірибе бар,
— деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ биылдан бастап алғаш рет мектептерде 7-сыныптан бастап болашақ мамандықты таңдауға бағыттайтын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» мамандығы енгізіледі.
Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі мектептегі кей пәндерді ұлдар мен қыздар үшін бөлек оқытутуралы ұсыныс жасаған еді.