БҰҰ Бас Ассамблеясының 2015 жылғы шешімімен 11 ақпан ғылымдағы әйелдер мен қыз балалардың халықаралық күні деп жариялады. Атаулы датаға орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Аграрлық технологиялар» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Лаура Тохетова мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің магистранты Салтанат Мағауия ғылым саласындағы бұрымдылардың үлесі туралы баяндады.

– Қазіргі уақытта ғылым саласында әйелдердің орны ерекше. Ағартушылық салада жаңалық ашып, өлшеусіз үлкен қосқан қыздар арамызда өте көп. Еліміздегі ғылым саласында гендірлік теңсіздік жоқ деп айтуға әбден болады. Себебі, біз кәсіби біліктілік пен біліміне баса назар аударамыз. ЮНЕСКО институтының статистикалық мәліметіне сүйенсек, әлемдегі әйел ғалымдардың үлесі 30 пайыздан асады екен. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында аграрлық салаға үлкен мән беруді тапсырған болатын. Оның ішінде ғалымдарды базалық қаржыландыруға мүмкіндік берді. Бұл өте қуантарлық жайт. Жылдан-жылға білімге құштар жастар көбейіп келеді. Әсіресе, бұрымдылардың ғылымдағы жетістіктері қуантады, – деді Лаура Тохетова.

– Мен аграрлық технологиялар саласына көп уақыт бойы қызығушылық танытып келемін. 2020 жылы халықаралық академияға мобильді оқу арқылы тәжірибе жинақтадым. Қазіргі таңда аграрлық технологиялар саласын әрі қарай жетілдіру үшін өз үлесімді қосқым келеді, – деді Салтанат Бекетқызы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!