Мектеп және балабақшаларда әлі Covid-19 және ЖРВИ-мен сырқаттанушылыққа байланысты шектеулер енгізу жоспарда жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балалар арасындағы елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтып берді.

Вице-министрдің айтуынша, Covid-19 ауруы бойынша балалар арасында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 661 000 жағдай тіркелген. Бұл Қазақстандағы барлық науқастар санының шамамен 15% -на тең. Айлар бойынша көрсеткіштер 12%-дан 18%-ға дейін өзгереді.

14 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану деңгейі – 65%. Әдетте, ауру негізінен 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалады.

«Шектеулерге келетін болсақ, қазір барлық өңірлер жасыл аймақта. Бірақ Жетісу, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, елдің 15 өңірінде R көрсеткіші бірліктен жоғары. Демек,  инфекцияның таралу деңгейі өскен. Егер R бірден үлкен болса, онда  адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киюді ұсынамыз», – деп түсіндірді вице-министр.

Аймақты «сары аймаққа» көшіру кезінде ұжымдардың бөлінуіне байланысты шектеулер енгізіледі. Егер аймақ «қызыл аймаққа» түссе, онда қатаң шектеулер енгізіле бастайды.

Шектеулер аурушаңдық жағдайына байланысты енгізіледі. Аурудың өсуін анықтау үшін апта ішінде тіркелген көрсеткіштер салыстырылады. Егер көрсеткіш өткен аптадан бір жарым есе өссе, шектеулер енгізілуі мүмкін.

«Егер сырқаттанушылық жоғары болса, онда балабақшаларда бұқаралық іс-шаралар өткізу және топтан топқа ауыстыру тоқтатылады. Сыныпта бір инкубациялық кезеңде (10 күн) оқушылардың 20%-дан астамы ауырса, бұл сыныптар іс-шараларға қатысуды тоқтатады, кабинеттік оқыту жүйесін енгізеді. Егер сыныптағы сырқаттану деңгейі 30%-дан асса, оқушылар онлайн оқытуға ауыстырылады», – деп түсіндірді Есмағамбетова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!