26 қазан күні «Qosyl» қалалық жастар орталығы және «Grand Master» бағдарламалау мектебінің ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушыларына арналған ақысыз түрде «Scratch» бағдарламалау сабағы басталып 18 қараша күні өз мәресіне жетті.

Сабақ нәтижесінде 10 оқушы сертификат және куәлік иегері атанды. Scratch – бағдарламалау бастамасының өте жақсы әдісі және кодты жазу процесін жеңілдететін бағдарламалаудың визуалды тілі. Оны әр алуан көңілді және қызықты бағдарламалар жазу үшін қолдануға болады. Жастардың IT сауаттылығын дамыту қазіргі біздің басты – міндет. Білімді ұрпақ жарқын болашақ.

«QOSYL» қалалық жастар ресурстық
орталығының маманы
Бекен Жамбылов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!