ҚР Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген.

Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті;

«MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті;

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті;

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті;

Мәскеу физика-техникалық институты енді.

Сондай-ақ, министрлік қазіргі уақытта «МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.