«Болашақ» бағдарламасы трансформацияланады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болашақ» бағдарламасының трансформациясы, техникалық бағыттар, жаңа реформа жасау мәселесі бойынша да жұмыс жүргізіледі. Жоғары оқу орындарының, университеттердің академиялық дербестігін кеңейтеміз. Техникалық мамандықтар бойынша биылдың өзінде грантар саны 40-тан 60 пайызға дейін көбейеді. Қосымша да гранттар бөлінетін болады», – деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.Айта кетейік, Президент бұған дейін Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлауды тапсырған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!