Президент жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада. 

Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған Оңдасын Сейілұлы Оразалин президент жарлығымен қызметінен босатылған. 

Айта кетейік, бұған дейін Дархан Сатыбалды Түркістан облысының жаңа әкімі болып тағайындалған еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!