Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүкіл білім жүйесі бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешіміне бағынады.

«Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық шаралар мектептерде өтпейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз оған бағынамыз. Сол себепті мектепте ертеңгілік те, басқа да бұқаралық шаралар болмайды», – деді министр сенат кулуарында.

Дегенмен, айтуынша, бір сынып ішінде мереке өткізу туралы шешімді мектеп әкімшілігі өздері қабылдайды.

Сондай-ақ Аймағамбетов оқушыларды әлемде коронавирустың «омикрон» штамы таралуына байланысты қашықтан оқытуға ауыстыра ма деген сұраққа жауап берді.

«Қазір бұл жайлы айтуға әлі ерте. Біз ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қандай да бір қорытынды жасау үшін мәліметтер қазір жеткіліксіз», – деп нақтылады министр.