Әділет вице-министрі Алма Мұқанова елімізде мұғалімдер мен дәрігерлерді боқтағандар қалай жазаланатынын атады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің сөзінше, қоғамдық орындарда боқтағаны үшін 20 АЕК ( 69 000 теңге) айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы 2023 жылдың 1 наурызынан бастап қолданыла бастайды.

Мұндай нормалар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына енгізілген.

Сондай-ақ, вице-министр дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тіл тигізгені үшін айыппұл екі есе көп болатынын атап өтті.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабында балағат сөзді отбасында айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал мұғалімге немесе дәрігерге бағытталған боқтық сөз үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған, – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!