Облыстық білім басқармасы бүгіннен бастап өтініш немесе арыз жолдаушының құқықтық мүмкіндіктеріне негіздей отырып заманауи «OpenBilimKzo» атты Telegram-ботын іске қосты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі брифингте облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Бекбол Қаратайұлы мәлімдеді.

Аталған Telegram-Bot азаматтардың көкейінде жүрген сауалдарға және өзектілігі басым өтініш пен арыздардың жауап алу процесін одан әрі жеңілдетуіне септігін тигізбек. Қосымша арқылы азаматтар басқарманың барлық жұмыстары мен құрылымы жайында толық ақпарат алып, басқармаға және басшыға тікелей сауалдарын қойып, басшының онлайн жеке қабылдауына жазыла алады.

Telegram-боттың негізгі мақсаты азаматтардың арыз-шағымдары мен сауалдарын қашықтықтан қабылдап, жедел жауап беріп, мәселелерін оңтайлы шешу болып табылады. Алдағы уақытта Telegram-ботты тиімді пайдалану және білім саласына қатысты ақпараттар мен сауалдарын осы қосымша арқылы оңай алудың жолын оңтайландырып, толықтырулар енгізіледі. Сондай-ақ, Telegram-ботта жұмысқа орналасушылар үшін бос орындардың тізілімі ашық түрде жарияланатын болады, – деді Бекбол Қаратайұлы.

«OpenBilimKzo» атты Telegram-боттың басты бетінде «Басқарма туралы», «Азаматтарға», «Арыз-шағымдар мен сауалдар», «Жаңалықтар», «Жедел сауалнамадан өту» атты 5 пәрмен батырмалары орналасқан. Алдағы уақытта, аймақтағы білім беру ұйымдары мен директорларына, материалдық базасы мен мұғалім жұмыстарының сапасын анықтау мақсатында онлайн сауалнама аталмыш бот арықылы ұйымдастырылады.Естеріңізге сала кетейік, облыстық білім басқармасының ресми әлеуметтік желідегі парақшаларына ұсыныс-пікірлеріңіз бен сұрақтарыңызды, мәселелеріңізді мессенджер арқылы да жолдауға болады.