«Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес, мектебімізде «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Сөз додасына жоғары сынып оқушылары қатысып, өзара сынға түсті.

Дебаттың мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақыру. Қатысушы фракциялар оқушылар арасында президент тағайындау, білім беруді дамыту, мектептерде тәртіпке назар аудару секілді өзекті тақырыптарды талқылады.


Турнир қорытындысы бойынша үздік үштікке «Жігіттер» және «Коала» фракциялары лайық деп танылды. «Тұмар» ойыншылары екінші орынды иеленсе, әдемі ойын өрнегін көрсеткен «Стифф» фракциясы бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, «Үздік спикер» номинациясымен Жібек Ақнұрова марапатталса, Нұрай Тұрсынова «Ең үздік спикер» атанды.

Еламан АЛМАТҰЛЫ,

№189 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!