Астанада мектеп асханасын жалға алатын кәсіпкерлер оқушыларды тамақтандыруға бөлінетін бюджеттік төлемдерді көбейтуді сұрайды.

Олардың сөзінше, қазір берілетін төлемдер шығындарды өтеуге жетпейді әрі тамақтың сапасы қойылатын талапқа сай емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. мектеп
Мәселені шешу үшін Астанада жергілікті білім беру департаменті кәсіпкерлердің басын қосты. Алайда нақты шешімге келе алмады. Кәсіпкерлердің айтуынша, бір оқушыны тамақтандыру үшін күніне 449 теңге бөлінеді. Алайда бұл өте аз және кәсіп банкрот болуы мүмкін екен. Ал білім беру департаментінің өкілдері 2022 жылға арналған қаржы бекітіліп қойғанын, сондықтан төлемдердің өспейтінін айтты.

«Біз есептеп көрдік, шамамен 890 теңге шықты. Алайда қазір баға да өсті. Соңғы рет бағаны түзету 2012 жылы болды. Оны 50%-ға өсіріп, 197 теңге болды», – деді кәсіпкер Илья Зайцев.

Кәсіпкерлердің айтуынша, азық-түліктің қазіргі бағасын есепке алғанда мемлекет бір баланы тамақтандыру үшін тәулігіне 1 000 теңгеден бөлуі қажет. Ал білім басқармасы мұны келіспейді. Жаңа жылда төлемді өсіруге уәде берді, алайда тек 30%-ға ғана.

«Қазір 449 теңге 50 тиын болып тұр, біз 584 теңгеге дейін өседі деп күтеміз. Біз де статистика жүргіземіз, бағаны есепке аламыз. Сондықтан 30%-ға көтеру дұрыс болады деп есептейміщ. Қажет болса, әрі қарай баға қайта қаралуы мүмкін», – деп мәлімдеді Астана білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазимова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!