Жұмыс беруші еңбек шартында төрт күндік жұмыс аптасында белгілей алады.

«Ашық НҚА» порталында «Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жарияланды.

Оған сәйкес, 2023 жылдан бастап жұмыс берушіге бес және алтын күндік жұмыс аптасымен қатар төрт күндік жұмыс аптасына белгілеуге де мүмкіндік берілмек. Аталған өзгеріс заңның 71-бабына жеке тармақ болып енгізіледі. Оның мәтіні келесідей:

«Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі».

Төрт, бес не алты күндік жұмыс аптасы болмасын, бәріне ортақ демалыс күні жексенбі болып белгіленеді.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!