Қосымша білім беру бірыңғай порталын құру қажет. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың қаңтар айында білім беру мәселелері жөніндегі заңмен қосымша білімге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы енгізілді. Мемлекеттік білім беру, спорттық, шығармашылық тапсырыстарды біріктіретін қосымша білім берудің бірыңғай порталын құру қажет. Қосымша білімге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін artsport платформасының қызметін кеңейту жөніндегі мәселелерді де пысықтау керек», – деді Үкімет басшысының орынбасары Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.