Білім және ғылым министрлігі кадр тапшы өңірлерді атады, – деп жазады 24.kz.
Педагогтер жетіспейтін төрт өңірдегі мектептерге 1906 маман қажет.
Олар: Алматы облысы – 571, Атырау облысы – 651, Маңғыстау облысы – 212 және Түркістан облысында 472 мұғалім жетіспейді.
Ал пәндер бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 528, бастауыш сыныпқа – 259, математика – 246 және ағылшын тілінен 220 мұғалім жетіспейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!