Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізетін жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісінің 2021 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік ЖОО анықталды.

Аталған рейтингке қатысқан мемлекетіміздің 85 жоғары оқу орындарының ішінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 7 орынға ие болып, ҚР Бас рейтингі Топ-20 құрамына енді.