Өздеріңізге белгілі, еліміздегі басты саясат бүгінде халықты, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту мәселесіне бағытталып отыр. Десек те, еліміздің бірқатар өңірлерінде медицина саласының қызметкерлеріне оның ішінде орта буын медицина мамандарына тапшылық әлі де бар. Әсіресе еліміздің солтүстік өңірлерінде медицина мамандарына тапшылық жоғары. Маман тапшылығы мәселенін шешу мақсатында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлының шақыртуымен аймағымызға Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысынан арнайы құрылған жұмыс тобы жастарды солтүстікке тарту мен жұмыспен қамту бағдарламасымен келді. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысынан келген мамандар алдымен көпбейінді облыстық ауруханасы, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы, облыстық жедел жәрдем стансасы жұмысымен танысып, одан соң Қызылорда медициналық жоғары колледжі мұражайы, материалдық техникалық базасы, симуляциялық орталық, кітапхана, спорт алаңы және оқу корпустарын аралады. Әрі қарай Қызылорда медициналық жоғары колледжінің мәжіліс залында бітіруші түлектерімен кездесті. Жиынға колледж оқытушылары мен биылғы жылы бітіруші студенттер құрамы қатысты. Басқосуда колледж әдіскері Сыргүл Молдраймова оқу орны тарихы жайлы баяндама жасап, қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Шара соңында солтүстікке жұмысқа орналасу бойынша жастарға түсіндірілді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының жас түлектерді жұмысқа тартуға келген мамандары медицина ұйымдарына жұмысқа орналасуға барған жас мамандар тұрғын үймен және тұрақты жалақысы бар жұмыспен қамтылатындығын және бір жылға дейін облыс әкімдігі мен мекеме басшысының бақылауында болып отбасы мүшелерінің толық жағдайы жасалатындығын жеткізді. Биыл облысымыздағы іргелі оқу орны Қызылорда медициналық жоғары колледжіне 95 жыл толуда. Осы жылдар ішінде колледж 9 мамандық бойынша 35000 мыңнан астам маман дайындап, түлектеріміз алыс-жақын шетелдерде және еліміздің түкпір-түкпірінде абыроймен жұмыс жасауда. Колледжде биыл 286 маман түлеп шықпақ. Құрметті медицина колледжінің түлектері! Егерде Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысына барып жұмыс істеуге қызығушылық танытсаңыздарҚызылорда медициналық жоғары колледжінің директорының тәжірибелік ісі жөніндегі орынбасары Сеитова Айгүл Амангелдіқызының— 87755751060байланыс номеріне хабарласу арқылы жарқын болашақтарыңызға жол аша аласыздар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!