«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында білім алу үшін «Өркен» білім грантын тағайындау конкурсын өткізуде.

Оған жалпы білім беретін мектеп­тердің 6-сынып оқушылары қатыса алады.

Ол үшін үміткерлер 10 қаңтарға дейін келесі құжаттарды қабылдау комиссиясына өткізуі тиіс: конкурсқа қатысу үшін өтініш, сауалнама, үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, 6-сыныптың I жартыжылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.

Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалады. Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге жинақталып, қабылдау комиссиясына ұсынылады. Құжат қабылдау комиссиясы Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс, 6 мекен-жайы бойынша

дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, ал сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Келушілер ағымын реттеу үшін арнайы онлайн брондау қызметі іске қосылған. Сонымен қатар қабылдау комиссиясына құжаттарын қаңтардың 10-на дейін толық өткізген үміткерлерге кешенді тестілеуге қатысу рұқсатнамасы беріледі. Кешенді тестілеу 2023 жылдың 2 және 3 наурызында өтеді. Бірінші күні үміткерлердің жаратылыстану-математикалық бағыт­тағы, яғни математика, сандық сипат­та­малар мен жаратылыстану пән­дерді иге­ру қабілеті бағаланса, екінші күні олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тест тапсырмаларын орындайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!