Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 10 ақпаннан бастап «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына құжат қабылдау басталғандығын хабарлайды.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы – отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:

1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

2) «Халыққа арналған үздік тауарлар»;

3) «Үздік азық-түлік тауарлары».

Әр номинацияда үш жеңімпаз айқындалады.

«Қазақстанның үздік тауары» көме-байқауы бір жыл бойы өткізіліп, төрт кезеңде жүзеге асырылады.

1. Өтінімді «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсының өткізілуіне кемінде 10 күн қалған мерзімдеwww.altynsapa.kz сайтында немесе өңірлік кәсіпкерлер палаталарына ұсыну қажет.

Өңірлік көрмелердің өткізілу кестесі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерімен келісім бойынша жасалады және ағымдағы жылдың 15 сәуірден бастап www.altynsapa.kz сайтында жарияланады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер материалдарын Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі» сәйкестолтырып, орналасқан облысындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталарына ұсынады(www.altynsapa.kz сайтында жарияланған).

Өңірлік көрмеге қатысу конкурсқа одан әрі қатысудың міндетті шарты болып табылады. Өңірлік конкурстардың 9 жеңімпазы ғана «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

2. Нұр-Сұлтан қаласында республикалық көрме-байқаудың өткізілуі (қазан). Көрме нәтижесі бойынша ҰКП сараптамалық тобы үш номинация бойынша 27 финалисті анықтайды.

3. Үшінші кезеңде 27 финалист(15-25 қазан аралығында) онлайн-дауыс беруге қатысады.

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссияның конкурстың 9 қатысушысына «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломаты атағын беру туралы шешім қабылдау отырысы (қараша).

Байқау дипломанттарына диплом мен конкурс эмблемасы тапсырылады. Дипломанттар төрт жыл бойы «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өткізіледі.

Конкурстардың әлеуетті қатысушыларының консультация ретінде www.altynsapa.kz сайтында конкурстарды өткізу тәртібі және конкурстардың материалдарын ресімдеу ережелері бойынша бейне сабақтар жарияланған.

Кәсіпкерлер палатасының базасында тегін оқыту семинарлары өткізілген жағдайда семинарларды өткізу кестесі конкурстардың сайтында хабарланады.

Құрметті кәсіпкерлер, сапа саласындағы конкурстарға қатысып, бақтарыңызды сынауға шақырамыз. Толық ақпарат алу үшін әлеуметтік желілердегі Алтын сапа ресми парақшаларына және сайт (www.altynsapa.kz) жаңалықтарына жазылыңыз.Байланыс телефоны: 8 (7242) 40-09-81 (ішкі 4311), Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатсынан жауапты маман Гүлдана Таңатова.