Қызылорда медициналық жоғары колледжінің спорттық алаңында денсаулық сақтау саласының ардагері Дәуітбаева Сара Төлегенқызының 90 жылдығы және Қызылорда жоғары медициналық колледжінің 95 жылдығына арналған Қызылорда облыстық медицина қызметкерлерінің дәстүрлі 55-ші спартакиадасының ашылуы болып өтті. 
 Мемлекеттік Әнұраннан бастау алған спартакиаданың ашылу салтанатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 
 Одан соң облыстық мәслихатының депутаты, облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.И.Нәлібаев, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова, медицина саласының ардагерлері Раиса Көзденова, Ақмырза Сыздықұлы құттықтау сөздерін арнады. 
 Шара одан әрі арқан тартыс жарысына жалғасты. 
 Спартакиадада 8 спорттық түрлері қарастырылған. Жеңімпаздар «Медицина қызметкерлерінің күні» қарсаңында Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!