Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов үш жыл бұрын енгізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қайта қайта қарауды ұсынды. Оның сөзінше, халық медициналық сақтандыру жүйесі болса да еріксіз ақылы қызмет алуға және дәрігерге қаралу үшін бірнеше айлап кезек күтуге мәжбүр. Сондай-ақ Аймағамбетов қорды ай сайын қаржыландырудың да қажеті жоқ дейді. Өйткені халықтан түсетін миллиардтардың қайда, қалай жұмсалып жатқаны белгісіз деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Мәжілісі депутаты Қазақстанда бұл жүйенің енгізілгеніне үш жыл болса да шешілмеген мәселе әлі шаш етектен дейді. 

“Қазір азаматтар ауруханаға барып тексерістен тегін өтемін десе, онда бір ай немес үш ай күту керек. Ал егер сол адамдар сол тексерістен ақылы түрде өтемін десе дәл сол уақытта үш минутта өтуіне болады. Сондықтан еріксіз ақылы қызметті алу мәжбүр. Онда біз не үшін ай сайын өзіміздің жалақымыздан жарнаны төлейміз дейді. Осыны ескере отырып, ай сайынғы қаржыландырудан бас тарту керек. Пациенттерге медициналық ұйымды таңдау еркін беріп, түсініспеушілікті болдырмас үшін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен медсақтандыру пакеттерін нақтылауды ұсынамын. Басқа ұйымдарға берілетін медициналық қызметтердің шекті көлемін нақты белгілеуді ұсынамын”, – деді Асхат Аймағамбетов. 

Ал тұрғындар медициналық сақтандыру қорына ай сайын ақша аударса да, медициналық көмек ала алмайтынын айтады. Әрі жиналған қаржының қайда кеткенін де білмейтіндерін жеткізді. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бір триллон теңгеден астам жарна мен аударымдар түскен. Бұл соманың ішінде жұмыс берушілердің аударымдары, дербес төлеушілердің жарналары және мемлекеттік төлемдер бар. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!