Алматы облысында уланған 10 оқушы белгісіз жазуы бар, қытайлық тағамнан зиян шегуі мүмкін. Осылай деген мектеп директоры мен ата-аналар дүкеннен сатып алған тұздалған таяқшаларды жегеннен соң, жеткіншектердің жағдайы нашарлай түскенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тik Tok әлеуметтік желісінде таралған қытырлақ таяқшалар мектеп оқушылары арасында трендке айналған. Оларды танымал блогерлер жиі жарнамалайтын көрінеді. Осылайша оқушылар өз кумирлеріне еліктеп, тауарларды сөрелерден сатып алады. Бұл өнім олардың улануы себеп болуы мүмкін. 

«Біз дүкеннен Қытай таяқшаларын сатып алып, оларды жеп қойдық», – деді уланған оқушылардың бірі. Оның айтуынша, өткен жұмада достарымен бірге ащы таяқшалар сатып алған. 10 оқушы бір бумасына ақша жинаған. 

«Таяқшаны жеген қыздардың бәрі уланған. Құдайға шүкір, қызым сол күні ауруханадан босатты. Оның ауруы жеңіл болып, тек жүрегі ғана айныған. Не себепті дүкендерде белгісіз заттар сатылады. Таяқшалардың неден жасалғаны да түсініксіз», – деп ашуланды мектеп оқушысының анасы. 

Қытай таяқшаларын жегеннен соң талып құлаған 10 оқушы Байтерек аулындағы мектепте білім алады. Ұстаздары «олар бірінші сабақта-ақ жүрегі айнып, құса бастады» дейді. Кейін осы мекемеден бірден ауруханаға жеткізіпті.

“Қытайша жазылған, не қазақ, не орыс тіліне аударылмаған өнімді, сақтау мерзімі жоқ затты алып жемеңдер деп сыныпты аралап бәріне айтып шықтым. Ата-аналарға да ескертті, – деді Бәйтерек орта мектебінің директоры Жазира Балахан.

Тілшілер оқушылар уланды деген жергілікті дүкенге бас сұқпақ болып барған. Алайда сатушы бірден есігін тарс жауып, ешкімді кіргізбей қойған. 

Тұздалған таяқшаларды жеп уланды деген 10 оқушы дәл осы дүкеннен сатып алған. Мұндағы сатушылар да оны растап отыр. Олардың айтуынша, сұраныс болған соң, сөреге әкеліп қойған. Сондықтан аты жазылмаған, заты белгісіз тауарды тексермей сатқанына кінәлі екенін мойындайды.

“Оқушылардың уланғаны жөнінде мамандар нақты ақпарат айтпады ғой. Әзірге бәрі – жалған. Біздің қателігіміз қытайша жызылған сөзді түсінбедік, Тауарды қабылдап алғанда, сақтау мерзіміне мұқият қараймыз, – деді дүкен сатушысы Роза Жанықұлова.

Аудандық аурухана уланудың себебі жайлы айтпай отыр. Емханаға түскен 10 баланың жетуі амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберіліпті. Ал үшеуінде әлі әлсіздік бар. Сондықтан сақтық үшін қазір дәрігер бақылауында екен.

“Он науқас жедел-жәрдем көлігімен жеткізілді. Науқастар толық медициналық тексеруден өткен соң, белгісіз тағамнан уланғаны белгілі болды. Қауіпті тағам, химиялық заттармен 5 жасқа дейінгі балалар уланады. Үй жағдайында баланың денсаулығына өте қауіпті, өліп кетуі мүмкін, – дейді Еңбекшіқазақ ауданы орталық ауруханасы директорының орынбасары Әлия Омарбекова.

Сондай-ақ, оқушылар мектеп асханасында уланған болуы мүмкін деген нұсқа да бар. Бірақ директор бұл ақпаратты жоққа шығарды, өйткені оқу орнында 1600-ден астам оқушы оқиды. Сонымен қатар онда тамақтанатын мұғалімдер бар. Бірақ Қытай таяқшаларын жеген 10 оқушы ғана уланды.

“2023 жылдың 19 мамырында өнім мен жеткізушіні анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталып, нәтижесінде шығу тегі белгісіз таяқшаның сатылымда жоқ екені анықталды. Өтінімді растайтын тиісті құжатсыз жүргізілген– деді Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Темірлан Айтбаев.

Ал аталған іске қатысты кінәлі тараптарды анықтау үшін материал Талғар аудандық полиция басқармасына жөнелтіліпті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!