Вакцинаның дозасы үш микрограмм мөлшерінде болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Яғни ересектерге 30 микрограмм салынса, бұл біршама төмен. Дәрігерлердің айтуынша, 2 мен 5 жас аралығындағы балақайларға үшінші доза салынуы да әбден мүмкін, себебі клиникалық зерттеулерде екі дозаның әсері айтарлықтай болмаған. Ал 5 пен 11 жас аралығындағы балалардың вакцина салдыру көрсеткіші онша көп те емес екен. Меган Рени, дәрігер: – Кішкентай бүлдіршіндерге бетперде киіп жүру қиындау. Сол себепті вирус жұқтыру қаупі көп. Ал вакцина салдыру арқылы ата-аналар баласын ғана емес өзгелерді де аурудан қорғай алады. Бүлдіршіндерге екпе салу халықтың қалыпты өмірге бір қадам жақындауы деген сөз.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/525424-a-sh-ta-alty-ajdan-as-an-s-bilerge-vaktsina-salynuy-m-mkin
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!