Бала – өмірдің мәні. Ал оның денсаулығы сау, еш жері ауырмай, салауатты болып өссе одан бақытты бала болмас. Денсаулық әрбір адам үшін қымбат екендігін бәріміз жақсы білеміз. Дені сау бала – бақытты бала деген ұғымды ұйқастырсақ болады. Егер де баланың көңіл-күйі болмай, мазасыз болса демек ол денсаулығына байланысты.

Жалпы, балалардың денсаулық мәселесі әртүрлі себептен туындайды. Ана ішінде жатып, ананың қозғалысынан туындауы мүмкін. Не болмаса туа бітті пайда болған кінәраттар болуы мүмкін. Жалпы, баланы дәрігерге уақытылы қаратып, денсаулығы жөнінде ақпаратты уақытылы алған дұрыс. Себебі бала денсаулығы әрбір отбасы үшін үлкен рөл атқарады.

Беймаза балалардың дені сау балалардан үлкен айырмашылығы болады. Мысалы беймаза балалар қорғауды қажет етеді. Оларға арнайы күтім керек. Ата-анасы балаға дұрыс көңіл бөлмесе, ауру түрі асқынуы да мүмкін. Сондықтар кез келген ата-ана балалар дәрігерімен тығыз байланыста болуы шарт. Беймаза балалар ортадан жасқанып, қорқуы мүмкін. Ондай жағдайды ата-ана жедел аңғарғаны абзалырақ. Балалардың қазіргі қоғамдық қатынастарға байланысты ауру түрлері жиі әрі түрлі болып келеді. Сол себептен денсаулыққа үлкен күтіммен қарау керек. Себебі ол әрбір адам өмірінде өте маңызды рөл атқарады.

Жалпы, бала денсаулығы нашарласа медицина көмегіне жүгініп, ата-ана асқан жауапкершілікпен қарауы керек. Балаларыныз беймаза болса бізден кеңес:

  • Баланы жиі мақтап, назар аударып, уақыт бөліңіз.
  • Писхологқа жүгініп, ақпарат алып, баламен қарым-қатынасыңыз жақсы әрі қалыпты болсын.
  • Басқа балалармен салыстырмаңыз. Тек өз балаңыздың кішкене жетістігі болса да мақтап, жылы сөз айтыңыз.
  • Іс-шара, концерттерге қатыстырып, белсенді қылыңыз.
  • Қызығушылық тудыратын әрекеттерін қарап, соған бейімдеңіз.
  • Ортасына көңіл бөліңіз. Дұрыс қадағалаңыз!

Бала – болашағымыз. Оның бақытты болуын әрбір ата-ана қалайды. Сол себептен баланың денсаулығына жіті бақылау жасап, назар салған дұрыс!

Назерке ПІРМАН,
Балалар мейірбекесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!