ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының тапсырмасы аясында “Денсаулық фестивалі ‒ 2021” басталды.

«Сау бол, жүз жаса!» атты ұранмен басталған «Денсаулық фестивалі ‒ 2021» ұлттық бағдарламасы халықты белсенді өмір салтын жүргізуге, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке денсаулықты сақтау мен нығайтуға, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тартуға үндейді. Денсаулық фестивалі аясында өткізілетін іс-шаралар иммунитеттің тұрақты болуына, жұқпалы, жүрек және қан тамырлары ауруларының алдын алуға, тұмаумен сырқаттану қатерлерін азайтуға, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы өзін-өзі жақсы сезінуге ықпал етеді.

Фестиваль аясында халық арасында белсенді және саламатты өмір салтын қалыптастыру, аурулар мен мінез-құлықтың қауіпті факторларының алдын алу үшін ақпараттық алаң құрылады. Сондай-ақ тұрақты физикалық белсенділікті, вакцинаның пайдасы турасында қоғамдық оң пікір қалыптастыруға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!