Қызылорда облыстық және қалалық аурухана, көпбейінді облыстық аурухана дәрігерлері мен №3 қалалық емхана дәрігерлері Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров №60 мемлекеттік мекемесіне сотталғандардың денсаулық жағдайымен танысып,   мамандандырылған дәрігерлік кеңес берді.

Мамандандырылған дәрігерлер құрамында білікті әрі тәжірибелі травматолог, проктолог, кардиолог, эндокринолог, пульманолог, гастроэнтролог және офтальмолог бар. Дәрігерлер жеке қабылдауын жылжымалы медициналық кешенде де жалғастырды. Бұл кешенді шағын емхана деп сеніммен айтуға болады. Біріншіден, мұнда рентген бөлмесі, терапевт қабылдау жүргізетін бөлме,  биологиялық анализдер, яғни сараптамалар алынатын орын, оларды сақтайтын арнайы медициналық тоңазытқыш та орнатылған. Сонымен қатар, УЗИ және  ЭКГ кабинеті орналасқан. 
Медицина қызметкерлері жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайымен танысу барысында жазасын өтеушілермен кездесіп, денсаулығы бойынша шағымдарын тыңдап, 200-ге таяу жазасын өтеушіге жеке қабылдау өткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!