Ажар Ғиният қазақстандықтарға МӘМС жарналарының 50% қайтару ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Бүгінде бұның барлығы заңнамалық тұрғыдан анықталған, бекітілген. Ақша қайтарылмайды. Биыл бұл адам ауырып-сырқамаса, онда жылына орта есеппен түсетін 100 мың теңгенің 50 мың теңгесін оған қайтару қарастырылмаған. Себебі келер жылы оған 1 млн теңгенің медициналық көмегі қажет болатын шығар… Сондықтан бұл көмек барлығына бірдей қол жетімді болуы үшін қаражат қайтарылмайды», – деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ МӘМС жүйесі халықтың жағдайын жақсартуға оң әсер етекенін атап өтті.

«Мысалы, коронарографияны, миокард инфарктісі кезіндегі жіті коронарлық синдром дертін алайық – оны емдеу құны 1,2 – 1,5 млн теңге. Сондықтан бұл жүйе бастапқыда «дені сау адамдар науқастар үшін, байлар кедейлер үшін төлейтін ынтымақты жүйе» ретінде құрылған, – деп түсіндірді Ажар Ғиният.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!