Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер де қаулылардың күшін жою туралы құжатқа қол қойды.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты шектеу шаралары туралы қаулылардың күші ресми түрде жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.kz

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталды деген шешім шығарған. Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

«Осыған байланысты білім беру ұйымдарында, сондай-ақ «Ashyq» жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының күші жойылды», – делінген ресми хабарламада.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер де қаулылардың күшін жою туралы құжатқа қол қойды.

«Сонымен қатар COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз. Вирустың таралуы жалғасуда, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл өтетінін ескердік. Халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады», – дейді министрлік мамандары.

ФОТО: SERGEY KARPUKHIN/TASS

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!