Денсаулық – адам баласы үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов мекемеде қызмет атқаратын медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Әр адам өз өмір жолында  ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап сыздаған балтырымызды тоқтатады. Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да медицина қызметкерлері үшiн құны көктиын. Олар үшін ең қажетi – адамның денсаулығы, оның тағдыры. Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар. Осындай бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген мекеменің медбикелерін төл мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік, береке тілеймін» – деді №60 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов.


Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!