«AMANAT» партиясының облыстық филиалында 19 маусым – Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Шарада партия филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова медицина қызметкерлеріне өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, партия тарапынан ұлт саулығын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Шара барысында қызметте алдыңғы қатардан көрінген үздік мамандарға партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың арнайы Алғыс хаты табысталды.

Мерекелік жиын соңында №1 қалалық емхананың «Құрметті ардагері» Махмұт Байхадамов өздеріне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, барша әріптестерін мерекемен құттықтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!