Орал қаласында қоқыс жәшігінен табылған шақалақтың анасы анықталды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Б.Нұрғожин күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданғанын айтты. «Қазіргі кезде ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігіне (қауiптi жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмысына не 120 сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмысқа не 45 тәулікке дейін қамаққа алуға жазаланады», — деді Б.Нұрғожин. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баcпасөз қызметі жәшіктен табылған нәрестенің жағдайы интоксикация, гипотермия және гипогликемия белгілеріне байланысты орташа ауыр деп бағаланып отыр. Дәрігерлердің болжауынша сәби ауруханаға жеткізілгенге дейін 7-8 сағат бұрын өмірге келген.

JQ-Aqparat

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!