Атырау облысы коронавирус таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Облыста бір тәулікте 19 адам COVID жұқтырды, жалпы пандемия басталғалы 12 206 адам коронавирусқа шалдықты.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы «жасыл» аймақтан» сары» аймаққа ауысты. 16 желтоқсандағы жағдай бойынша аймақта пандемия басталғалы 8 645 адам инфекция жұқтырды, 154 адам қайтыс болды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметіне сәйкес, 16 желтоқсанда «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы тұр.

«Сары» аймақта Алматы, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған барлық өңір «жасыл» аймақта орналасқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!