Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған шарана табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберісінің жертөлесінде кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың мәйіті табылды”, – делінген хабарламада. 

ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!